Биыл еліміздегі бес медицина университетін 10 570 дәрігер тәмамдап, диплом алды

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл 10 570 қазақстандық және шетелдік студент дәрігерлік диплом алды, оның ішінде:

•⁠ ⁠Мемлекеттік гранттардың есебінен-5350 (50%);
•⁠ ⁠Жергілікті атқарушы органдар мен медициналық ұйымдардың гранттары — 937 (9%);
•⁠ ⁠Ақылы негізде — 4190 (41%).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кадр тапшылығын төмендету және денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыру үшін жыл сайын медициналық мамандықтар бойынша гранттардың саны артып келеді.

Мемлекеттік гранттың есебінен оқытылған түлектердің 76%-ы өңірлер мен медициналық ұйымдарға бөлінді, 22%-ы „Білім туралы“ Заңға сәйкес бөлу бойынша жұмыстан босатылды, 2%-ы өз бетінше жұмысқа орналасты. Бөлу кезінде практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктері ескерілгенін айта кеткен жөн. Осылайша, медицина қызметкерлерінің тапшылығы орта есеппен 85%-ға жабылады деп күтіледі.

«Жас дәрігерлерге заманауи технологиялар мен тәжірибелерді енгізу, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіру қажет. Әкімдіктердің негізгі міндеті-жас мамандарға тәлімгердің басшылығымен жұмыс істеуде де, тұру үшін де тиісті жағдайларды қамтамасыз ету», — деп атап өтті министр Ақмарал Әлназарова.

Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ауылдық елді мекендерге жас мамандарды жұмысқа орналастыру үшін бірқатар шаралар қабылдады:

•⁠ ⁠2024 жылдың қаңтар айынан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит 2 500 АЕК (9,2 млн теңге) дейін, ауылдық елді мекендер үшін — 2 000 АЕК (7,3 млн теңге) дейін ұлғайды.
•⁠ ⁠Ауылдық жерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа орналастырылған аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлері жергілікті бюджет қаражаты есебінен 100 ЕТЖ (8,5 млн теңге) алады.
•⁠ ⁠Мемлекеттік медициналық ұйымдардың медицина және фармацевтика қызметкерлерінің халықтың әлеуметтік осал топтарынан кейін әлеуметтік қолдау шараларын, жергілікті бюджет қаражатының есебінен қосымша жеңілдіктер мен ынталандырушы төлемдерді алуға басым құқығы бар.
•⁠ ⁠Медицина қызметкерлерінің балалары балабақшаға қабылдануға басым құқыққа ие болады. Қызметтік міндеттерін атқару нәтижесінде қаза тапқан немесе мүгедек болған медицина қызметкерлерінің балалары ЖОО-ға конкурстан тыс қабылданатын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі кадрлық әлеуетті арттыру және медицина мамандары үшін еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырады.