Биыл инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа заң қабылданады - Елбасы

Инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыстар атқарылатынына тоқталған Елбасы: «Бұл тұрғыда елімізде барынша қолайлы инвестициялық жағдайды қалыптастыруға ниеттіміз. Осы мақсатта биылғы жылы инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша жаңа заңды қабылдаймыз»,- деді.

Осы орайда Мемлекет басшысы инвесторларға бірқатар жеңілдікті шаралар қарастырылып отырғандығын жеткізді.


«Инвесторлармен жұмыс «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Инвестициялық омбудсмен» институты құрылады», - деп атап өтті Президент.