Биыл "Халықтық IPO" бағдарламасының орындалуы ойдағыдай болмады

" Жоспарға орай бес компания, яғни IPO-ға - KEGOC, "Эйр Астана", "Қазтрансгаз", "Самұрық-Энерго" және "Қазмортрансфлот" акцияларын шығаруға тиіс еді, алайда рынок оның бірде-бірін көрмеді. Бұл әрине, қор рыногына кері ықпал етті", деді ол. 

Оның пікірінше, 2013 жылы бағдарламаны орындауға кедергі болған басты нәрсе Бірыңғай зейнеткерлік қордың құрылуы. Бірақ соған қарамастан ең болмағанды біреуі қор рыногына шығуға тиіс еді. Уақыт қолайлы болды", деді ол.

Д. Сейсебаев Қазақстанның қор рыногын дамыту үшін "Халықтық IPO" бағдарламасын одан әрі жүргізудің маңызды екендігін атап өтті.