Биыл көктемде Алматыда жапон бағы ашылады

Бұл туралы қалалық Табиғи ресурстар басқармасы хабарлады.

«Тұңғыш президент саябағы аумағында тақырыптық композиция ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылардың жоспарына қарағанда, «Жапон бағы» алып мегаполистің жаңа визиттік карточкасына айналуы тиіс», - делінген хабарламада.

Жоба шеңберінде 16 қырым қарағайы, 12 шие, 20 тау қарағайы, сондай-ақ, жапон үйеңкісі егіледі.