Биыл коронавирустан біржола арылу жылы болуға тиіс - Тоқаев

Мемлекет басшысы биыл еліміз коронавирустан біржола арылу жылы болуы керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңесте айтты.

"Биыл - қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс деп санаймын", - деді Тоқаев.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда коронавирус індеті
қайта өршіп бара жатқанын
айтқан болатын. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен үкіметті сынға алған еді.