Биыл кранның құлауы салдарынан 5 жұмысшы мерт болған

Бүл туралы Caravan.kz медиа порталы Halyq Uni-не сілтеме жасап хабарлайды.

Комитет төрағасының айтуынша, биыл жалпы 14 апат тіркелген.

Оның 8-і жүк көтергіш механизмдерді пайдалатын ұйымдарда болды. Салдарынан 6 адам көз жұмды. Оның ішінде 5 жұмысшы аталған ұйымдарда еңбек еткен. Олар кранның құлауынан қаза тапты. Былтыр мұндай 1 дерек тіркелді, - деді Нығмеджан Мақажанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол тіркелген апатқа байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

«Арнайы комиссия құрылады. Нәтижесінде комиссия акт шығарады. Онда апатқа не себеп болғаны жазылады. Тексеріс барысында заңбұзушылықтар анықталса, ұйымдағы қызметкерлер жауапқа тартылады», - деді комитет төрағасы.


Сондай-ақ Нығмеджан Мақажанов өндірістегі апатқа не себеп болатынын түсіндірді.

«Біріншіден, олар өнеркәсіптегі қауіпсіздік ережесін сақтамау. Екіншіден, жұмысшылардың кәсіби біліктілігінің төмен болуы», - деп түйіндеді сөзін басшы.