Биыл күріш өндірісі 12 млн тоннаға өседі - БҰҰ

Ұйымның болжамына сәйкес, күріш өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға өседі. Алайда, оған деген сұраныс бәрібір ұсыныстан артпақ.

Биыл халықаралық нарықта күріш саудасы 1,1 млн тоннаға азайып, 29,9 млн тоннаны құрайды. Бұл күріш экспорттаушы негізгі елдер Қытай, Үндістан, Египет және Вьетнам ішкі тұтынудың өсуіне байланысты оны шығаруды шектеуде.

Ағымдағы жылы әлемдік күріш бағасы 20%-ға өсті, алайда, сарапшылар Бразилия, Уругвай, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Таиланд пен Вьетнамдағы жоғары түсім бұл ағымды тоқтатады деп сенеді.