Биыл Марста биологиялық тіршілік анықталады

2012 жылдың соңғы санын шығарған Ұлыбританияның "Файнэншл таймс" газеті осындай болжам жасап отыр.

Басылым ағымдағы жылы орын алатын маңызды оқиғаларға барынша шолу жасауға тырысқан. Олардың қатарында Қызыл ғаламшарға қонған американдық "Кьюриосити" ғарыш аппаратының Марста биологиялық өмірдің болғандығы туралы биохимиялық дәлелді табатындығы жайында ақпарат бар.

Сонымен қатар басылым биылғы жылы С гепатитіне қарсы дәрінің табылатындығы жайында да баян етіп отыр.