Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Білім министрлігінің басшысы соңғы қоңырауды 25 мамырдан кейінге қалдыру жоспарда жоқ екенін растады.
"Сонымен қатар, ата-аналар бұл іс-шараларда ысырапшылдықты доғару керек екенін жеткізгім келеді. Балаларымызға орынсыз, негізсіз ақша жұмсауға болмайды. Өйткені, мектеп – өскелең ұрпаққа тәрбие беретін орта, үлгі. Егер қазір ата-аналар балаларымен мейрамхана, кафе, тағы басқа орындарды іздеп кетсе, қандай ұрпақ тәрбиелейміз? Сондықтан қарапайым, үнемді болуымыз керек, қолда бар қаражатты мейрамханаға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған абзал", – деді Ғани Бейсембаев қазақстандық ата-аналарға.
2025 жылдың 11 наурызында қазақстандық мектеп оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалатыны белгілі болды.