Биыл Н.Назарбаев Сауд Арабиясы корольдігіне сапармен барады


«Мемлекет басшымыздың биыл күзде Сауд Арабиясы корольдігіне сапары жөнінде уағдаластыққа қол жеткіздік. Менің әріптесімнің біздің елге сапары Президенттің Сауд Арабиясына биыл күзде болатын сапарын ұйымдастыруға қатысты болып отыр», - деп атап өтті Е. Ыдырысов.

Өз кезегінде мәртебелі мейман ҚР Президентінің 2016 жылғы сапарын екі елдің өзара тиімді қарым-қатынастарын жоғары сапаға көтеретіндігін xабарлады. 

«Қазақстан Президенті биыл күзде Корольдікке барады. Ол сапар біздің екіжақты байланыстарды тереңдетеді. Біз сапар кезінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты жақсартатын бірқатар келісімдерге қол қоямыз деп жоспарлап отырмыз. Біз Қазақстанның Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінде көтерген бастамаларын қолдаймыз», - деді Ә. әл-Джубейр.