Биыл оқу жылы қашан аяқталады? – Министр мәлімдеме жасады

Ғани Бейсембаев сарапшылардың өткен жылғы оқу мерзімін қалдыруды ұсынғанын айтты, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Халық үніне сілтеме жасап.

«Сарапшылар шешім қабылдады, ғалымдар да шешім қабылдап, оқу жылын 36 апта етіп қалдыруды ұсынады», – деді министр.

Десе де министр бұл ұсыныс қоғаммен талқыланатынын айтты.

«Қазір министрлік түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, енді бұл ұсынысты бүкіл ел бойынша ата-аналар мен мұғалімдермен бірге талқылау қажет. Қазір біздің мамандар облыстарды аралап, ата-аналармен, балалармен, мұғалімдермен кездесіп, соңғы шешімнің қандай болатынын талқылап жатыр», – деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.