Биыл орман өрттерінің саны екі есе өскен - ҚР ТЖМ

"Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының аумағында орман өрттерінің айтарлықтай өскені байқалып отыр. Оның саны екі есе ұлғайып, олардан келген материалдық шығын 17 пайызға өсіп, 60 млн. теңгені құрады", - деп мәлімдеді Б. Омаров. Оның мәліметтеріне сүйенсек, орман өрттерінің көлемі 3 мың гектардан асып кеткен.