Биыл Қарағанды қаласының 80 жылдығы тойланады

Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекованың атап өтуінше, биылғы жылы бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Қарағанды қаласының 80 жылдығы, Қарқаралы ауданының 190 жылдығы, Саран қаласының 60 жылдығы, Жезқазған қаласының 60 жылдығы және Ұлытау ауданының 75 жылдығы кең көлемде аталып өтіледі.

Сонымен қатар, кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығы, Семей антиядролық қозғалысының 25 жылдығы, жалпы мәслихаттар құрылғанының 20 жылдығы, академик Қ.Сәтбаевтың 115 жылдығы, С.Сейфуллиннің 120 жылдығы және басқа да атаулы іс-шараларды өткізу жоспарланған. 

Осыған орай, аймақ басшысы Б.Әбдішев мерекелік іс-шаралар туралы БАҚ арқылы кеңінен насихаттау, қалалық жолаушылар тасымалының кешкілік уақытындағы жұмысын қадағалау, жарнамалық және афишалық қалқандарды әзірлеуге тапсырма берді.