Биыл қауын мен қарбыздан қағылуымыз мүмкін

Қарбыз еккен диқандардың басым бөлігі, несие алып егін еккен. Шығынға белшеден батқан шаруалар биліктен көмек сұрайды. Ал атқамінерлер даурығуына негіз жоқ деп отыр.

Өңірдегі дәнді дақылдар егілген алқаптарды шегіртке басып қалған. Шаруалардың ерте көктемнен бергі еңбегі шырылдауықтарға жем болды. 3 гектар жерге жыл сайын қарбыз егетін Жолат Мырзасейітов қыруар қарызды қалай қайтарарын білмейді. 700 мың теңгені 15 пайызбен қарызға алып егін салған шаруа енді мүлдем тақырға отырғанын айтып отыр.

Сарыағаштың жүздеген диқаны шегірткемен күреске көшкен. Таң ертеңнен кеш батқанша зиянкеспен қарсы у шашады. Ол үшін арнайы техникалар тартылған. Тіпті, өз еркінше шегірткенің көзін жоюға кіріскендері де көп. Бар мақсаттары еккен қарбыздарын сақтап қалу.

Ал өңірдегі ауылшаруашылығы саласының мамандары шаруаларды даурықпауға шақырады. 48 миллион теңге бөлініп, күрес жүріп жатқанын айтады. Бірақ қанша егін алқабына шегіртке түскенін дөп басып айта алмауда.

Кеңес Алпысбаев, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы егін шаруашылығы бөлімінің басшысы: » Сарыағаш пен Шардара аудандарында ондай мәлімет бар зақым келді деген. Бірақ, ол гектар дейтіндей гектар деп біз айта алмаймыз. Толық көлемі анықталғаннан кейін белгілі болады қанша гектар екені. Себебі, зиян әкелді Шенеуніктің есебінше, енді екі күннен кейін шегірткелердің көзі жойылып бітеді. Ал шаруаларға өтемақы берілмейді деп отыр.