Оның айтуынша, 2002-жылдың өзінде елімізден астық экспортталатын елдердің аясы кеңейген, соның нәтижесінде Қазақстан бидайы сатылатын елдер саны 23-тен 40-қа дейін артты.
Алайда, ауылшаруашылығы министрі орынбасарының бағалауынша, биыл "еліміздің негізгі экспорты Қазақстан бидайын дәстүрлі тұтынушы ТМД рыногін қамтымақшы".
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы " ЖАҚ-ның вице-президенті Абай Бейсембаевтың айтуынша, "мұндай ахуал Украина мен Ресейде биыл түсім мөлшері жылдық орташа көрсеткішке жетпей қалғандықтан қалыптасады, сол себепті бұл елдердегі астық тепе-теңдігінің сақталу мүмкіндігі күдік тудырып отыр". "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы " өкілінің айтуына қарағанда, қазір еліміздегі барлық қырмандарда астық сатып алуға бағытталған Ресей мен Украинаның "үлкен жорығы" басталды.