Биыл Қазақстан мен Қырғызстан банктерінің бірлестіктері өздерінің ынтымақтастығын нығайта түседі

Банк құрылымдары мен бірлестіктерінің 200-ден астам басшылары, әлемнің көптеген елдерінің атақты қаржыгерлері банктік мәслихаттың қатысушылары болды. Олардың қатарында Қазақстанның банктер қауымдастығының бірінші вице-президенті Марат Байтоқов, Мәскеу халықаралық валюта қауымдастығының президенті Алексей Мамонтов, Дүниежүзілік валюта қорының Орталық Азиядағы өңірлік үйлестірушісі Вернер Рике, Еуропа қайта құру және даму банкінің жауапты өкілі Эндрю Осташевски бар.