Министрдің атап өтуінше, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 167 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болып, жұмыс істеуге жәрдем алды.
«Барлық шаралардың еңбек нарығындағы ахуалға оң ықпалы бар. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысында жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз деңгейінде сақталды», - деді ол.