Биыл қыс қатты болмақ


Синоптиктер, қыстың былтырғыдан да қатты болатынын болжап отыр. Қар қалың түспесе де, үскірік аяз  көктемге дейін жалғасуы мүмкін. Ал қардың негізгі мөлшері ақпан айында түседі дейді ауа-райын болжаушылар. Бір айта кетерлігі, биылғы қыс тек еліміздің батыс өңірлеріндегі тұрғындарға қолайлы болмақ. Өйткені, бұл аймақтарда желтоқсан айының өзі жылы болмақ.