Биыл шілдеде елімізде 207 адам ВИЧ індетін жұқтырған

2013 жылдың шілде айында Қазақстанда 207 адам ВИЧ індетін жұқтырған. 2012 жылдың осы айында айықпас дерт тырнағына 179 адам іліккен болатын.


           Статистика агенттігінің хабарлауынша, жалпы қаңтар-шілде аралығында 1294 адам ВИЧ індетін жаңадан жұқтырған (2012 жылдың қаңтар-шілдесі – 1242).
           Республикалық ВИЧ/СПИД-тің алдын алу және қарсы күрес орталығының хабарлауынша, 1-қыркүйекке дейін Қазақстанда ВИЧ жұқтырғандар саны 21 мың 221-ге жеткен.