Биыл ШҚО аумағындағы жолдарды жөндеуге 15 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді

«Қазақстандағы ең жолы көп - Шығыс Қазақстан облысы. Бізде 11,5 мың шақырым жол бар. Соның 3,5 мың шақырымы республикалық, ал қалғаны жергілікті маңыздағы жолдар. Республикалық жолдарды жөндеуге биыл 10 млрд. теңге, жергілікті жолдарға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді»,-деді әкім.

«Әрине, өңірдегі жолдың барлығын бірден жөндеу мүмкін емес. Өйткені, кейбір жолдар 30-40 жыл бойы жөндеу көрмеген. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз Алматы-Өскемен, Алматы-Семей, Семей-Өскемен, Омбы-Майқапшағай  аралығындағы жолдарды, сондай-ақ ары қарай Зайсан, Күршім, Көкпекті аудандары  аумағындағы жолдарды жөндеумен қамту. Қазіргі кезде бұл жұмыс жүзеге асуда»,-деді Б. Сапарбаев.

Белгілі болғандай, Өскемен мен Рахман қайнары аралығындағы жолға алдағы жылы 3,5 млрд. теңге бағытталмақ.