Биыл Тәжікстанда Қазақстан жүгерісін егеді

Тәжікстанға Қазақстаннан 165 тонна жүгері гибриді енгізілген.

Тәжікстан Ресубликасының Ауыл шаруашылық министрлігінің өсімдік шаруашылығы басқармасының бастығы Саидмурод Бахриддиновтің хабарлауынша, гибридтің шығымдылығы жоғары - гектарынан 120-130 центнер өнім алынады.

С. Бахриддиновтың айтуынша, жүгері өңірлер бойынша бөлінген. Согди және Хатлон облыстары мен Гиссар алқабына және тәжірибе ретінде Тәжікабад пен Рашт аудандарына жөнелтілген.

С. Бахриддинов сондай-ақ, Согди облысының Ганчин ауданында тұқымдық картоптың 60 тоннасы сатып алынған. Ол да елдің өңірлеріне бөлінетін болады.