Аталған уақыт аралығында республика бойынша әр 10 мың адамға 188 қылмыстан келген.
Мәселен, қаңтар-наурыз айларында тұлғаға қатысты 2626 қылмыс жасалған (217 қасақана кісі өлтіру, 398 адам денсаулығына қасақана залал келтіру).
Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 6744 қылмыс тіркеліпті. Біреудің жеке меншігіне қарсы жасалған 61 мың 727 қылмыстың 45 мың 880-і ұрлық-қарлық болып табылады.
Есірткіге қатысты қылмыс былтырғыға қарағанда 5,6 пайыз кеміп, 995 қылмыс тіркелген.
Осы жылдың алғашқы үш айында әскерилер тарапынан жасалған қылмыс саны 16,7% артыпты.
Аталған уақыт аралығында республика құқық қорғаушылары қылмыс жасаған 25 мың 56 адамды анықтаған. Оның 15,3 пайызы әйелдер, 4 пайызы – кәмелет жасына толмаған балалар, 1,7 пайызы – шенеуніктер, 8,8 пайызы – бұрын қылмыс жасаған азаматтар екен.
Жалпы қылмыстың 80,2 пайызын жұмыссыздар жасалған. Қылмыстық жауапқа 11 мың 752 адам тартылған.