Биыл Жалағаш ауданында 19,5 млн. теңгеге ішкі жолдар жөнделетін болады


Қазір ауданда аталмыш жұмыстар басталып кетті. «Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына» сай жүргізіліп жатқан бұл жұмыстарды бас мердігер ретінде «Сыр жолдары» ЖШС жүргізуде. Жұмысын сәуір айында бастаған серіктестік жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 116 шақырым жолды жөндеуді толық аяқта­йды.