Қор президентінің хабарлауынша, "бұл тәржіма саласындағы алғашқы жоба". "Алдағы уақытта біз Таяу шығыс ойшылдары мен Жапон философтарының еңбектерін аударуды жоспарлап отырмыз",- деп атап көрсеткен ол "басты мақсаттары - ағартушылық" екеніне тоқталды. "Қазір біз бірлескен семинарлар ұйымдастыру, жазғы ашық университеттер ашу жөнінде Эберт қорымен уағдаласып отырмыз",- деді ол.
Ә.Бәйменовтың айтуынша, жобаларды жүзеге асыруға отандық кәсіпкерлер қолұшын беруде.