Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры Әрсен Қасенов мәлім етті.
«Жылу маусымының аяғына дейін тариф өзгермейді. Тарифті келесі маусымда өсіруді жоспарлап отырмыз», - деді Ә.Қасенов журналистерге.
Мемлекеттік мекеме бастығының айтуынша, тарифті көтеру жөніндегі өтініш беру тәртібі өзгермеген. «Қазір біз өтінішті 5 жылға, бес жылдық жоспарға береміз. Соған байланысты барлық шығындарымызды мұқият есептеп, инвест-бағдарлама әзірлеуіміз қажет. Әор жылға жеке-жеке тариф белгіленеді. Монополистер берген өтініш 180 күнде қаралады. Сондықтан ыстық су мен жылу бағасы келесі жылы қымбаттауы мүмкін», - деді ол.
Ә.Қасенов 2012 жылдың қыркүйегінен бері қолға алынған жылуды сараланған тариф бойынша есептеу шарасының нәтижелеріне де тоқтала кетті. «Қолданылып жатқан тәжірибе жалпы есептеу құралдары арқылы 20-40 пайызға дейін жылу үнемдеуге болатынын көрсетіп берді. Сонымен қатар, есептеу құралдары көрсетілетін қызметтің сапасын тексеруге және ең бастысы, қызметтің көрсетілгенін растауға мүмкіндік береді», - деді ол.