Бұл туралы astana.gov.kz сайты хабарлайды.
Аталған қадам Еуразиялық экономикалық одақ пен Латын Америкасындағы интеграциялық бірігулер аясында Қазақстан мен Мексика арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады.
Мексика Сенатының халықаралық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Габриэла Куэвас Барронның айтуынша, Мексика Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынасқа үлкен көңіл бөледі, 2015 жылы Астанада Мексика елшілігінің ашылуы осыған дәлел.
Еске сала кетейік, бүгінде қазақстандықтар туристік виза алу үшін Мексиканың Мәскеудегі өкілдігінің қызметіне жүгінуге мәжбүр болып отыр. Елордада Мексика елшілігінің ашылуы ҚР азаматтарының визаны тікелей алуына мүмкіндік береді.