Биылғы екі айда Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 1,9% артқан

Бұл өткен жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 1,9% артық.

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, 137,1 млрд теңгеге мал шаруашылығы өнімі, 2,6 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірілген.

1-наурыздағы мәліметтерге сүйенсек, аталған уақытта ірі қара саны 2,9 пайыз артып, 6 млн 180 мың 400 басқа жеткен.

Ешкі саны 5 пайыз кеміп, 2 млн 487 мың басты, шошқа 13,8 пайыз кеміп, 993 мың 100 басты құраған.


Құс – 34,5 млн бас, жылқы – 1,7 млн бас, қой – 15,8 млн бас.