Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәмілелердің көлемі 1 млрд 996 млн 767 мың сомды құраған.
Сонымен, биылғы жылдың 1 қаңтары мен 7 мамырының аралығында "Қырғыз қор биржасы" ЖАҚ құнды қағаздардың 1 361 мәмілесін тіркеген. Ал сауда көлемі мемлекеттік қазыналық вексельдерді есептегенде 1 млрд 861 млн 763 мың сомды құраған. "Биржалық сауда жүйесі" ЖАҚ осы аталған мерзімде көлемі 26 млн 429 мың сомды құрайтын 1 149 мәміле тіркеген. "Central Asian Stock Exchange" ЖАҚ алаңында 72 мәміле жасалған. Ал сауда көлемі 108 млн 574 мың сом.
1 доллар = 36,5 сом.