Биылғы жылдың үш айында Астанада 88 жол көлік апаты тіркелді-Ішкі істер департаменті

"Астанада биылғы жылдың үш айында 88 жол көлік апаты тіркеліп, онда 9 адам мерт болып, 98 түрлі жарақат алды", - деп айтылған ІІД таратқан баспасөз хатында.

"Былтырғы жылдың көрсеткіштерімен сәйкестендіргенде биыл жол көлік апатының деңгейі 5,4 пайызға, өлім-жітім-19,2 пайызға, зардап шеккендер 17,3 пайызға азайды. Яғни, былтыр 93 жол көлік апаты тіркеліп, онда 11 адам қаза болып, 117 -сі түрлі жарақаттар алған", - деп жазылған құжатта.

ІІД мәліметтері бойынша үш айдың ішінде жол көлік полициясы 37 244 жол көлік қозғалысы ережесінің бұзылғандығын тіркеген. Ал өткен жылы бұл көрсеткіштер 22,9 пайызға кем болып, 30290 ереже бұзушылығы тіркелген болатын.

"Жол көлік апаттарына қатысты жүргізілген сараптық қорытындылар бойынша, апаттар көбінесе көлік ішінен әйнектерді қолдан қараңғылап тұмшалаудан, әйнектердің таза болмауынан жолды көру мүмкіндігінің төмен болуы себеп", - деп есептейді ІІД.

Департаменттің ақпараты бойынша биылғы жылы 27 ші 30 наурыз аралығында жол полициясы Астанада 2899 жол көлік ережесінің бұзушылықтарын тіркеген. Оның 479 әйнектерді қараңғылау ережесінің дұрыс жасалмауына қатысты болса, 705 көлік номерлерінің көрінбеуімен және 38 дерек мемлекеттік номерінсіз жүргізілген көліктермен байланысты болды. Сондай-ақ, қорабы жөнделмеген көлікті жүргізуге қатысты 200 оқиғасы тіркелді".

Үш күннің ішінде мас күйінде көлік жүргізудің 61 оқиғасы, жол жүретін жерге көлікті қоюдың 171 дерегі және 107 көліктің жолды ластауға қатысты ереже бұзушылықтары анықталды.

"Жол полициясының эвакуаторларымен аяқ жолдарға заңсыз қойылған 166 көлік алынып тасталып, 74 көлік уақытша айып бекеттеріне жеткізілді", -деп хабарлайды баспасөз хатында.