Биылғы жылу маусымының мәселелерін реттеу жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобы құрылды

Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жұмыс тобының құрамына индустрия және сауда, көлік және коммуникация министрліктерінің, табиғи монополияны реттеу агенттігінің және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшылары кірген.

Жиналысқа министрліктердің, мекемелердің басшылары, барлық облыстармен бірге Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ, ірі көмір разьездерінің басшылары қатысқан.

"Мемлекет бойынша жалпы алғанда биылғы жылдың қараша айына дейін пеш, жылу жолдары, су құбыры және кәріз жүйелерін жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстар іс жүзінде аяқталды", - деп ақпарат таратты баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті