Биылғы жылы ауыл әкімдеріне экономикалық еркіндік беріледі

«Ауыл әкімдері тұңғыш рет сайланды, енді олар ауыл халқының алдында есеп береді. (...) Биылғы жылы ауыл әкімдіктерінің экономикалық дербестігін күшейтіп, салықтық түсімдердің бір бөлігін солардың қолына беру керек. Және бұдан қорқудың қажеті жоқ!» - деді ол бейсенбі күні Аймақтық даму министрлігінің алқа отырысында.

«Жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдерінің санын көбейту керек. Оларға көбірек еркіндік беру қажет. Түсім көбейіп, еркіндік берілген соң билігі де күшейеді, жергілікті жерлерді басқару мүмкіндігі артады», - деді С.Ахметов.