Биылғы жылы да «темір тұлпар» әуесқойлары фестивальда бас қосты

"Балқаш-Нұрсая" туристік орталығы мен "FEST.KZ" және "BIKE.KZ" компанияларының ұйымдастыруымен өткен шараға 5 мыңдай байкер қатысты.

Приозер қаласында мотошерумен ашылған фестиваль, дәстүрлі байкерлер байқауымен жалғасты. Фестивальдің екінші күні мотобәйге чемпионаты болып өтті. Онда кәсіпқой мотоцикл шеберлері темір тұлпарларында өз өнерлерін көрсетті. Фестивальдің көркін аталмыш шараға арнайы қатысқан байкерлердің сүйікті рок топтары аша түсті.

«BIKE.KZ» қазақстандық байкерлер қозғалысы қоғамдық бірлестігінің президенті Дмитрий Петрухиннің айтуынша, фестиваль ойы мен көзқарастары бір еркіндікті сүйетін адамдарды жинайды. "Әрбір нағыз байкер өз өмірін темір тұлпарынсыз елестете алмайды. Ол мотоциклмен бірге дүниеге келіп, өмірлік серігі ретінде ешқашан айырылмайды. Ол "идеялы" байкер және нағыз елінің патриоты. Бастаған ісін жерге қалдырмайтын байкерлер мақсатына жетпей қоймайды. Олар алдағы уақытта 2011 жылы елімізде өтетін Азия ойындарына арналған мотошеруді жалғастыру үшін жолға шығады", деді.

Дәстүрге айналған шара от шашумен аяқталды.