Астанада "Қазақстан темір жолы" ғимараты түрік ағайындарына қолдау көрсету мақсатында түрік ғимаратының түсіне енді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.
Онлайн басылымдардың бірінің желідегі ресми парақшасында пайда болған видеодан елордадағы "Қазақстан темір жолы" бас ғимараты түрік бауырларымызбен бірге екенімізді көрсету мақсатында, Түркия туының түсіне енді. Видео авторы:
"Астанадағы "Қазақстан темір жолы" бас ғимараты Түркия туының түсіне енді" деген қысқа жазба қалдырған.
Бейнежазбада Түркия туынан бөлек, латын қарпінде жазылған "Біз біргеміз" деген жазбаны көруге болады.
Желі қолданушылары аталған видеоны көріп, көзге еріксіз жас келгенін жазған.
"Кешелі бергі желіге кіргім жоқ, шақалақ балаларды үйінді астынан аман алып шыққанын көргенде, жүрегің ауырады екен", "Түрік бауырлар мен Қазақстан арасындағы достық, туыстық қатынас үзілмесін, біз сіздермен біргеміз", "Апат айтып келмейді, түрік бауырлар, бекем болыңыздар", "Алла сіздерге сабыр берсін" деп жазды олар.
Еске салсақ, ақпанның 6-сы күні Түркияда соңғы 100 жылдағы жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, зілзаладан опат болғандар саны 18 мыңнан асып, жарақат алғандар саны 72 мыңға жетті.
Loading...