Айқын мен Жұлдыз осыдан бір жарым жыл бұрын, бір шаңырақ астында тұруды жөн деп шешкен. Атышулы жұптың сақтаған сыры, олардың ортақ некесінен туған ұлдарының тойында жұртқа жария болған еді. Кенжесінің меншікті мерекесінде құпияның құлпын ашу - отағасының идеясы екен.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
-Оның авторы Айқын. Сол бастапқыдан бастап айтты. Осылай болады. Осы күні айтамыз деп. Солай болды!
Санжардың суреті желіге жүктелген күннен бастап, Өмірғалидың инста-аккаунты пікір жазушылардың ашық алаңына айналған. Оқырмандардың бір тобы жұлдызды жұпқа бақыт тілесе, кейбірі балағаттап жатыр.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
-Бақыт тілеп жатқандары да бар, қарғап жатқандары да бар. Пікірсіз қалмаған адам жоқ шығар Қазақстанда. 50-50 десе болады. Бірақ өзім үшін жақсы пікірлерді ғана аламын. Рахметімді айтамын бақыт тілеп жатқан адамдарға.
Сондай-ақ, желідегілер Айқынның алғашқы отбасын бикештің есіне жиі салады.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
-Қорықпайсың ба, көз жасқа қалу деген бар. Білмеймін бұл өмір. Өмірде әр қалай болады. Көз жасқа қалсақ, бәріміз көз жасқа қалып. Менің көз жасыма қалған адамдардың барлығы қырылып қалмай ма ондай болса.
Оқырмандарының отты сөздері Жұлдыздың жүйкесіне әбден тисе керек. Жас ана бұдан былай жанұясы жайлы естеліктерді желіге салуды тіпті сиретпек.
Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:
-Қазіргі таңда қандай жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Соны ғана айттық. Ал, күнделікті жүктеуге тырыспаймын да, көрсеткім де келмейді. Біз біргеміз болды.
Ал, Айқын мен Жұлдыздың ендігі мақсаты - шығармашылықтағы тың жаңалықтарымен жұртты қуанту.