Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз - Н.Назарбаев

«Ұлттық мүдде тұрғысынан мұқият ойластырған интеграцияға қарсы болу заманауи үрдіс пен дамуға қарсы болу болып табылады. Ең дамыған елдердің барлығы бүгінде интеграцияға көшуде. Бүкіл адамзат жаһандану жолымен дамып жатыр», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, етек-жеңді қымтап, есік-терезені тарс жауып отыру дамуды тежейді, әлем көшінің соңында қалдырады.


«Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Байбаламға салып, балақтан тартпай, байыппен ойлап, байсалды әрекет етсек жарасады», - деді Н.Назарбаев.