Біз Еуразиялық экономикалық одақ құратын мәреге жеттік - А.Лукашенко

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко осылай деді.

"Біз бірлесіп, бірнеше жыл бойы еуразиялық интеграцияның азапты жолынан өттік. Әрбір қадам оңай болған жоқ. Дегенмен, біздің халқымыз бейбітшілік пен достықта өмір сүріп, олардың мемлекеттері өзара тиімді ынтымақтастықтың мығым негізінде жүзеге асырылатындығына нық сенімді болуына негізделген басты мақсатымызды көре білдік",-  деді ол өз сөзінде.

А.Лукашенконың атап өтуінше, Қазақстан, Беларусь және Ресейдің таңдаған жолының ұрыстығын өмір көрсетіп отыр. Посткеңестік кеңістіктегі елдердің дезинтеграциялануына жол бермеу үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды.


«Одан кейін ЕурАзЭҚ-ты, Кеден Одағын құрдық, Бірыңғай экономикалық кеңістік контурын белгіледік. Бүгін біз Еуразиялық экономикалық одаққа әкелетін тікелей мәреге жетіп отырмыз», - деді Беларусь Президенті.