Бұл туралы бүгін Астанада «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және «Астана Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі бойынша халықаралық конференция барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.
«Кез келген проблема жаһандық маңызға ие қазіргі әлемде оларды бірыңғай экожүйеден бөле-жара шешу мүмкін емес»,-деді ол.
Үкімет басшысының атап өтуінше, өмірлік экожүйенің бір-бірімен байланысты болуы себепті ішкі проблеманың өзі бүкіл Орталық Азияның толықтай алғанда өңірдің проблемасына айналып отыр.
«Біз сондықтан да көршілерімізді «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының бірлескен тұғырнамасы аясында күш-жігерді топтастыруға шақырамыз»,-деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, конференцияға қатысушылар жасыл жаңғыртуға көшу мәселелерін атап айтқанда, су және басқа да табиғи ресурстарды орнықтыру басқару, жаңартылатын энергия көздерін және ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді талқылауда.
Алқалы жиынның қорытындысы бойынша «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық жөніндегі хартияға қол қойылады деп күтілуде.