Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Оның айтуынша, еліміздегі ноғай ұлтының өкілі Гайдар Гайдар есімді адам отбасымен бірге жеке куәлігін, ұлтын қазақ деп ауыстырғысы келетіні жайлы хат жазып, пікірін сұраған.
Ұлт ауыстыру туралы әңгіме ауаны төмендегідей:
Гайдар Гайдар: "Сәлем. Жұлдыз. Мен ноғаймын. Біздің тіліміз қазақ тілімен бір, дініміз де бір. Біз ойландық, орысша айтқанда посоветовались и решили паспорт куәлікті қазақшаға ауыстырсақ дейміз. Ұлтымызды қазақ деп жазамыз деп, солай аударамыз дедік. Мы ничем не отличаемся от братев казахов. Қазақ деп жазу керек. Полностью семей решили, как вы думаете, наш поступок, ответте қазақ бауырларымыз тіл бір, дін бір минталитет бір»
Жұлдыз Форт: Сәлеметсіз бе, Ғайдар мырза! Мен қолдаймын - қазақта ноғай деген ру бар ғой, ноғайлықтар қазақ ұлтының бір бөлігі деп санаймын - бірігейік, көбейейік, мықты ұлт болайық!
Гайдар Гайдар:
Енді рахмет, куәлікте қазақ боламыз. Білеміз қазақта ноғай деген ру бар. Бірақ біз халық ноғай. Енді балаларым онша қуанды. Енді бүгеннен ЗАГС, ЦОН тағы да не бар барамыз, істейміз. Сізге рахмет, за понятие и принятие нас қазақ халыққа. Үлкен балам қазақ келін алды. Бірақ қыздарым ноғайға шыққан. Бірақ барлығымыз қазақ паспортқа ауысамыз. Сізге рахмет что нас подержали. В Россий ногайцы живут, они с нами не общаються. Енді біз қазақпыз. Халқым қазақ, балаларым қазақ, немерем қазақ. Қазағым елім», делінген әңгімеде.
«Ноғай бауырларымыз қазақ ұлтына сіңгісі келеді - қолдаймыз ба? Қарапалпақтар да бізге сіңсе жақсы болар еді - ұлтымыздың саны көбейеіп, мықты халық боламыз», деп жазды Жұлдызай Форт.