«Біз қазақ ежелден азаттық аңсаған» бейнепанорамалық көрмесі өткізіледі

 Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады. Бұл туралы astana.kz сайтына «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінен хабарлады.

 Сонымен қатар, «Нағыз желтоқсан» қоғамдық қорының өкілдері Ақмол ауылының №5 орта мектеп оқушыларымен кездеседі. Жүздесу барысында 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қайғылы сәттері және сол күндері қаза тапқан қатысушылар туралы айтылады.

 Іс-шара соңында «1986 жыл: Алаш перзенттері» деректі фильмі көрсетіледі.


 Көрмені қалалық Мәдениет, Ішкі саясат басқармалары және «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қоры ұйымдастырады.