Бұл туралы депутат Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Біз сізге қазақша сұрақ қойып отырмыз, ал сіз орысша жауап беріп жатсыз. Негізі бұл дұрыс па? Мен осыдан бастайын деп отырмын. Барлығымыз мемлекеттің қызметкеріміз. Біріншіден, үйрену керек. Ал екіншіден, бұл үлкен шара, дайындықпен келу керек. Болмаса жаныңызда қазақша сұраққа қазақша жауап беретін көмекшіңіз болуы керек", - деді депутат.