Біз «Ұлы дала еліміз» деп саналуымыз керек - Н.Назарбаев

«Менің білуімше, біз «Ұлы дала еліміз» деп саналуымыз керек. Кейбіреулер «аспан асты еліміз», дейді, кейбіреулер «күншығыс еліміз», дейді. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Осы далада біздің ата-бабамыз даланы сақтап қалған. Қан төгіп, тер төгіп сақтап қалған. Қазақстан мен «Ұлы дала елі» екеуі қатар жүрсе, дұрыс болады деп ойлаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында ҚР Президенті еліміздің аманшылығы мен жұртшылығының тыныштығы арқасында алар асуларымыз әрқашан биіктен болсын деген тілегін білдірді.