Осыдан кейін Мемлекет басшысы шараға қатысқан барлық ҰОС ардагерлерін Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық тіледі.
«Біз - Жеңіске жеткен бабалардың ұрпағымыз. Сол бабаларымыздың, әкелеріміздің, аталарымыздың арқасында, мінекей, 70 жыл бойы бейбіт өмір сүріп келе жатырмыз. Оны еш уақыт ұмытпау керек. Егер біздің бабаларымыз сол соғыста Жеңіске жетпесе, халымыз қалай болар еді? Қазақстан бүгінгідей болар ма еді, болмас па еді? Мынау аспанымыз осындай ашық болар ма еді? Мынау жастарымыз жарқырап күлер ме еді, күлмес пе еді? Мұның барлығы осы ардагерлеріміздің жеңісі. Сондықтан да ардагерлерді әр уақытта да құрметтеп жүру керек», - деді ҚР Президенті.
Айта кетейік, шараға 10 мыңға тарта адам қатысты. Олардың қатарында елордалық және ел өңірлерінен келген ҰОС ардагерлері, парламент депутаттары, мемлекет қайраткерлері, қала қонақтары мен тұрғындары бар.