Бізде қай бауыр табыскер болса, бәрі соның үстіне мініп алады - Дариға Бадықова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі “Ревью” бағдарламасына берген сұхбатында жаңа фильмде бауырлар арасындағы байланыс, араздық, туыстық қарым-қатынас сипатталатынын айтты.

«Бізде қазақта қай бауыр мықтырақ, қай бауыр несібесін сырттан теріп жейтін, қай бауыр табыскер болса, сол бауырдың үстіне бәрі мініп алады. Ол бауыр шынында қиналып табады, оның бір күйзелісі болады, онда бір стресс болады, ол қатарының алды болғысы келеді. Соны түсінгісі келмейтін бауырлар бар, ата-аналар бар. Бұл кинода сол нәрсе көрсетіледі», – дейді ол.

Желі қолданушылары актрисаның қазақ қоғамындағы өзекті тақырыптардың бірін қозғағанын айтуда.

”Дұрыс айтасыз, жағдайың жақсы болса, бәріне көмектесуге міндеттісің деп санайды”, “Туыстармен баратын кино екен”, “Өте жақсы тақырып, бізде өзін жарылқамай жатып жұртқа көмектескіштер көп қой”, “Иә, кейде өсіп келе жатқанда өз бауырлары өшіреді ғой”, - деп жазды олар.