Бізде резерв бар - А.Ни

«Бізге республиканың түкпір-түкпірінен жас зілтеміршілер келіп жатыр. Өзіңіз көрдіңіз ғой, Лондон Олимпиадасында Алмас Өтешев, Анна Нұрмұхамбетова сынды спортшылар үздік ондыққа еніп, 5-7-інші нәтижелерді көрсетті. Міне, осындай жас спортшылар бір жылдан кейін Әлем чемпионаттарында жүлделі орындар үшін таласа алады. Сон­дай-ақ бізде Жазира Жаппарқұл және Иб­рагим Берсановтар бар. Олар жастар ара­сын­дағы соңғы Әлем чемпионатында ал­тын­­мен апталған болатын. Осындай зіл­темірші қыз-жігіттер көп. Лондоннан кейін олардың бәрі Әлем чемпионатында, тіпті Олимпиадада да жеңіске жетуге бо­ла­тын­ды­ғын әбден түсінді», - дейді А.Ни.