Бұл ойымен ол Facebook желісінде бөлісті деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Заңгердің айтуынша, желіні шулатқан маорилік депутаттардың жанкештілігі бүкіл әлемге үлгі болуда. Жаңа Зеландияда наразылық туғызған заң 1840 жылғы Вайтинг келісімін қайта қарауға қатысты. Британ коронасы мен Маори тайпасының арасында болатын келісім маориліктердің жергілікті халық екенін білдіретін статусын жоймақ.
"Маори елінің депутаттары сияқты біздің елдің депутаттары “Әруақ қолдасын” деп қашан айқайлап талап етеді?
Біздің де ұлтқа мына жат ағымдардан қауіп төніп тұр!
Маори халқының саны 900 мыңға жуық болса да, олардың ұлт ретінде сақталуы мен дамуы бүгінгі таңда әлемге үлгі болып отыр.
Ермұрат Бапи ағамыз күзде парламентке «жат ағымдар мен діни атрибуттарға» қарсы заң жобасы ұсынылатынын мәлімдеген еді.
Алайда күз де өтіп, қыс келіп, күтілген заңның талқылануы да болмады. Бұл — биліктің осы мәселені шындап қолға алмай отырғанын білдіреді.
Маориліктер сияқты билеңдер демеймін, ең болмаса ұлт үшін дауыс шығарып күрессеңдерші!", - деп жазды Айгүл Орынбек.