"Біздің қоғам тек қыздардың екі бұтының арасын аңдиды": Сабинаға қатысты видео ушығып барады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Бір апта бұрын өсекші телеграм арналарында блогер Сабинаға ұқсайтын бір қыздың интимді видеосын тараған болатын.

Енді ойбо біздің өсекшілер қоймайды мың рет айтып, сол видео туралы. Бір аптадан асты уже, әсіресе ер адамдар, пікірлерді оқысаңыз сұмдық. Байғұс блогер қызды жерден алып, жерге салған.
Бұл блогер "мен емес" деп мың рет айтуда.

Барлығы сүттен ақ, судан таза боп отыр.
Әңгімелері өсек пен төсектен аспайтын қатыгез надан қоғам", деп жазылған инстаграм парақшада.

"Жыламашы қызым. Мына заман оңбаған заман. Адамдар да бұзылған. Ұстап, экранның алдында кешірім сұрату керек", "Фотоны жақындатып қарасаң мулдем ұқсамайды. Қалай адамдар қорықпайды. Сол жасаған адамды бетін көрсетіп шығарса дұрыс болар еді", "Бәрін сотқа берсін, кім таратты бәрін", деп қолдау білдірген оықрмандар саны өте көп.

Айта кетейік, заңгер Айгүл Орынбек блогер Сабина жайлы қолдап жазғаны туралы жариялаған болатынбыз.