"Біздің Парламентке де, Жириновский сияқты жай айтып қана қоймай, талап етіп, орындата алатын депутат керек" - Ахметбек Нұрсила

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біздің Парламентте де, дәл осылай вйта алатын, Жириновский сияқты жай айтып қана қоя салмай,талап етіп, орындата алатын депутат керек ақ!!!", - деп ресейлік шенеуніктің видеосын жариялады.

Видеода марқұм депутат "Шокин мырза, барлығың Кремльде жиналып, бізде триллион рублей. Барлық шот, депозит. 99 пайызын алып, мемлекеттік қазынаға салыңдар. Өздеріңе 2 бөлмеден қалдырыңдар, болды. Сендерге жетеді. Айлықтарың 50 мың болуы керек. Сол жеткілікті. Барлық ақшаны қазынаға салыңдар. Ол сендердің ақшаларың емес. Біздің ата-бабамыз зауыттан еңбектеп тапқан ақшалары, оның бір пайдасын да көрмей олар суық жерде жатыр. Барлық ақшаны қазынаға салыңдар", - деген.