Бұл туралы ол Besmedia порталына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Тойға деген махаббат қазақтың ауруы. Адамдар тойды несиеге алып жасайды, жарты жылдан кейін жастар ажырасып кетеді. Мұның барлығы ақымақтар. Қазақта “көрпеңе қарай көсіл” деген сөз бар. Ақшаң жоқ па, той жасама. Ал қазір тойды қазір бәрі жасайды. Бір отбасыда 2-3 баладан болса ше? Ал олардың арасы 1-2 жас болса ше? Шашылып қаласың. Сосын ата-ана ол несиені өмір бойы төлеп жүреді, ал балалары болса ажырасып жатады. Шыны керек, біздің тойлардан құсқым келеді. Тойға шақырғандықтан амал жоқ барамын. Асаба қызық емес, жаттанды сөздерді айтады. Бірінен соң бірі айтатын тілек, оны ешкім тыңдамайды. Үстелде көптеген тамақ қалады. Оның не қажеті бар? Ол күнә деп ойлаймын. Тойды қою керек. Ақшасын қайда құртарын білмей жүрген жандар болса, солар жасай берсін. Қарапайым адам оны не үшін жасайды? Отбасын құрғысы келетін, бірақ құра алмай жүрген жастарды білемін, өйткені олар алдымен той жасау керек”, - деді депутат.