Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Ішің қимай қалады екен. Біздің Бибісараны өзбек ағайындар уже келін қылып алыпты. Асаубай атамның құйтақандай қызы алты алаштың намысын жықпай келеді. Күні кеше ФИДЕ-нің төрінде тұғырға тағы мінді. Қуаныштан көзіме жас алдым.
Біздің Бибіге өзбектің Живохир деген жігіті сөз салып жүр екен. Бұл әңгімені әлеужеліде алашапанды ағайын уілдетіп-гуілдетіп жатыр.
Журналистер жігіттің әжесінен сұхбат алып үлгеріпті. "Балама бұйрық болса ақ орамалын салып түсіріп аламыз",-депті әжесі.
Әрине өзбек ағайынның бізге жаттығы жоқ, бауырлығы бар. Қыз алысып, қыз берісіп жатқан халықпыз ғой. Дегенмен, Бибідей алтын жүзікті беруге ішің қылпылдап қалады екен. Біздің бос жүрген ұлдардың біреуінің етегінен неге ұстамады екен деген ой қылаң ете қалады. Хош.
Жүрекке әмір жүрмейді. Біздің қыз Живохирді қалап тұрса оған қарсы ештеңе дей алмайсың. Екеуі бақытты, ғұмырлы болсын. Қайда барса да жыламай, жарқырап жүрсе болғаны.
Менде бір ғана сұрақ бар. Егер алда-жалда Бибісара Өзбекстанға келін болса, келесі әлемдік жарыстарға қай елдің атынан шығады екен?”, - деп жазды журналист.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мен Өзбекстан гроссмейстері Жавохир Синдаров арасындағы қарым-қатынас туралы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Бұған спортшының Telegram парақшасында “менің чемпионым” деп жарияланған бірлескен фотосуреті түрткі болды.