"Біздің менталитетімізге жат дүние ғой" - Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған күніне "тоқал сыйлайтындар" туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, қоғамның өзі мұндай контенттен бас тартуы керек.

"Актив жинаймыз деп осындай әзіл видео түсірудің еш мәні жоқ. Бізге әлі көп іздену керек... Осындай контент көрсем өзім ұялып кетемін ше? Бұл тақырыптардың өзектілігін тоқтату өз қолымызда. Әлеуметтік желі ешқашан ештеңені ұмытпайды! Бізді қарап отырған қанша жастар бар. Тоқал алудың жөні осы екен деп артық кетсе, олар да кейін... Біздің қазақы менталитетімізге жат дүние ғой", - деп жазды ол.

Айта кетейік, 2022 жылы 6 қарашада ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті, журналист Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаев өмірден өтті. Қайрат Беркінбаев қоғам қайраткері, "Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті болған.